Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді. Анкара халықаралық әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанға қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді. Және екі ел арасында ешқандай түйткіл  жоқ екенін атап өтті. Мемлекеттерді достық ғана емес, жемісті ынтымақтастық та байланыстырады. Айта кетейік, Қазақстан Президентінің сапары өте мазмұнды. Мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?