Қазақстан Президенті Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына
келтіру күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта өзара дәстүрлі достық
пен түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың
игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

