Жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік
салаға жүйелі түрде енгізу. Қазақстан Президенті отандық IT-кәсіпкерлер Ерзат
Дулатпен және Мұрат Әбдірахмановпен AI-индустрияны дамыту мәселелерін
талқылады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар
тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға
айналуы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект саласында
жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін алға тартты.

