Көлік логистикасын дамыту Қазақстанның стратегиялық міндеті

Көлік логистикасын дамыту Қазақстанның стратегиялық міндеті

Қазақстанда жаңа экономикалық үлгіге көшу барысында көлік логистикасын дамытуға жете мән берілуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһандық бәсеке күшейіп тұрған кезде, бұл – өте маңызды қадам екенін атап өтті. Осы ретте теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет. Қазір еліміздегі тауардың 60% теміржолмен тасымалданады. Президент саланың әлеуетін арттырып, ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұлттық оператордың жүк вагондарын беру жұмысын толық цифрландырып, ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, теміржол саласындағы тариф саясатын реформалау жүктелді. Сонымен қатар Үкімет автокөлік тасымалын дамытуға қатысты ірі жобаларды да жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алуы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылға дейін жасанды интеллектіні пайдалана отырып автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды. Цифрлық тәсілдер және жасанды интеллектінің көмегімен кедендік рәсімдер де оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еліміздің және көрші мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыру керек. Мен Жолдауымда жүк тасымалын басқаратын «Smart Cargo» цифрлық платформасын, сондай-ақ кеден рәсімдерін жасайтын «Keden» жүйесін енгізуді тапсырдым. Қазір осы жүйелер пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық мекеменің ақпараттық жүйесін өзара кіріктіріп, бұл платформалардың толық іске қосылуын тездету керек. Осылайша, біртұтас интеллектуалды көлік экожүйесі қалыптасады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?