Қазақстан Президентін Токио жоғары деңгейде қабылдады. Жапон баспасөзінің хабарлауынша, Президенттің Император Нарухито және Премьер-министр Санаэ Такаичимен бірдей кездесуі терең құрмет ілтипатын білдіреді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанды Жапония үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес деп бағалапты. Әрі Қазақстанмен экономика және технология, тұрақты даму мәселелерінде әріптестік орнағанын жазды. Президенттің күншығыс еліне ресми сапарын барша жапон жұрты жіті бақылады.
Нимомия Такаши, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ шығыстану факультетінің профессоры:
- Қазақстан мен Жапонияның қарым қатынасы жақсы болуы үшін, мықты болуы үшін,
соған байланысты келісімшартқа қол қойылды деп естідім. Сосын Тоқаев мырза
Жапонияда жұмыс істейтін, оқитын қазақтармен кездесті деп естідім. синтонизм
храмға барды деген, сондай әртүрлі ақпаратты тыңдадым. Қарапайым жапондар деген
Қазақстанды онша білмейді екен, өкінішке орай. Бірақ соны Тоқаев мырза барғанда
жапондар ішінде Қазақстанды білетін адамдар көп болды.

