Созақ өңірінде ғасыр жасаған жауынгер тұрады

Созақ өңірінде ғасыр жасаған жауынгер тұрады

Қазақстанның Созақ өңірінен Ұлы Отан соғысына 6 мың сарбаз аттанған. Аман-есен елге оралғандарынан бүгінде көзі тірісі - Мырзахмет Жылысбаев ақсақал ғана. 99 жасқа келіп, ғасырға қадам жасаған қария майданға небәрі 18 жасында аттанған. Отты жылдары сарбаз №92 автоатқыштар полкында ұрыстарға қатысты. Ерлік көрсетті. Отан қорғады.

Мырзахмет Жылысбаев, Соғыс ардагері:

- Біз соғыстың аяқ жағында бардық. Бірақ Бауыржан Момышұлының өзі айтқан ғой: «Соғысқа бір кіріп шыққанның өзі ерлік», деп. Сондай ерліктердің ішінде болдық.

Мырзахмет Жылысбаев соғыстан кейін елге оралып, білім беру саласында еңбек етті. Ұстаз болып, келешек ұрпақты тәрбиеледі. Бүгінде жарымен бірге 13 ұл-қыздан 47 немере, 97 шөбере сүйіп отыр. Ардагер бос уақытында өмірден көрген білгендерін қағаз бетіне түсіреді. Жастардан ақыл-кеңесін аямаған. Өзінің өсиеті мен ой-тұжырымдары жинақталған «Ұрпаққа аманат» атты кітабы да жарық көрді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?