Халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктіру маңызды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишельмен телефон арқылы әңгіме барысында айтты. «Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында «аралық нарық» рөлін атқара отырып, бұл іске өз үлесін қоса алар еді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.