Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына сұхбат берді. Бакудегі СПЕКА саммиті аясында Мемлекет басшысы шетелдік БАҚ-қа Қазақстанның экономикалық әлеуеті және өңір елдерінің экономикалық байланыстарын дамыту жөнінде айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев тәулік бойы үздіксіз хабар тарататын телеарна журналистерімен әңгімелесу барысында Қазақстанның экономикасын декарбонизациялау және әртараптандыру жөніндегі жоспары, елдің энергия теңгерімінде көмірді пайдалануды біртіндеп төмендетуді қоса алғанда, экологияны қорғау мақсатында қабылданып жатқан шаралар жайында тілге тиек етті. Айта кетейік, Президенттің кеңейтілген сұхбатын Euronews телеарнасы осы аптада эфирден көрсетуді жоспарлап отыр.