Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ержан Сәденов Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берді. Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Сондай-ақ, Президентке ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.