Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Әмірліктерді экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растап, Қазақстанның шығанақтағы басты серіктестерінің бірі саналатынын жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитті Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы аталған елдің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы елеулі жетістіктер атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

