Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Матео Мекаччиді қабылдады. Тараптар демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады. Президент Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсат-міндеттерін баяндады. Матео Мекаччи өз сөзінде Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін жеткізді.