Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда. Өткен жылы елдер
арасындағы сауда көлемі 16% артқан. Ал биылғы 4 айда өсім 42% құрап, 2 млрд
долларға жетті. Бұл жөнінде Премьер-министр Олжас Бектенов Өзбекстан Президенті
Шавкат Мирзиёевпен кездесуде айтты. Тараптар өзара өнеркәсіп, көлік-логистика,
су рессуртары, сондай-ақ туризм салаларындағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін
талқылады. Бұдан соң Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына
қатысты. Ол басқосуда Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу
мақсатында өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді
қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің жаңартылған 2030 жылға дейінгі
инвестициялық саясат тұжырымдамасын таныстырды. Қазақстан Премьер-Министрі жаңа
Конституция елдің инвестициялық тартымдылығын нығайту үшін қосымша жағдайлар
жасайтынын атап өтті. Цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың
әлеуетіне тоқталды. Бұл ретте Орталық Азияның цифрлық хабына айналуға
бағытталған деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасына 10 млрд доллар көлемінде
инвестиция тартылғанын жеткізді.

