Қазақстан Президенті Қорғаныс министрінің баяндамасын тыңдады

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрінің баяндамасын тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады. Руслан Жақсылықов Президентке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына ведомствоның атқарған қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылды. Руслан Жақсылықов сондай-ақ әскерлер техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерімен жарақтандырылып жатқаны туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру және аумақтық қорғанысты дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Қ.Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы хабардар етілді

Сондай-ақ Президентке еліміздегі әлеуметтік-еңбек салаларын дамыту бойынша ақпарат берілді. Атап айтқанда бұл Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, жастарды жұмысқа орналастыру, озық технологияларды енгізуге қатысты. Осылайша, елімізде мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында «Жобалардың инновациялық навигаторы» жобасы әзірленді. Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 трлн теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оның аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Светлана Жақыпова еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?