Қ.Тоқаев бірқатар кездуселер өткізді

Қ.Тоқаев бірқатар кездуселер өткізді

Алматыға жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаманы тыңдады. Ерболат Досаевтың айтуынша, 2024 жылдың екі айында бюджетке түскен қаржы 55%-ке өсті. Инвестицияларға келер болсақ, 190 млрд теңге тартылды. Сондай-ақ, Президентке қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Биыл 13 мыңнан астам нысанға сейсмоаудит жүргізіледі. 1 маусымға дейін пилоттық режимде «Mass Alert» уақытылы құлақтандыру  жүйесі енгізіледі. Сейсмикалық қауіпсіздік туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директорымен әңгімелесті. Дәулет Сәрсенбаев 16 сейсмикалық станцияның 11-і жаңғыртылғанды және 25 бақылау пунктінің ашылғандығы туралы баяндады.