Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті

Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорының сапары Қазақстанмен ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызды. Бұл туралы  Мемлекет басшысы Жильбер Унгбомен кездесуінде мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның әлеуметтік-әділдік қағидаттарын жаһандық ауқымда дамытудағы рөліне тоқталды. Президент еліміздің Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы мен халықаралық еңбек ұйымының әлеуметтік әділдік бастамалары үндес екенін айтты. Қазақстан аталған бірлестіктің 25 негізгі конвенциясын ратификациялады. Өз кезегінде Жильбер Унгбо елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, Халықаралық еңбек ұйымының мақсат-міндеттерін ілгерілету мәселесінде Қазақстанның аймақта көшбасшы екенін атап өтті.