Екі елдің бизнес әріптестігінің арқасында көзделген мақсатқа жету
соншалықты қиын емес. Мәселен, былтыр қос мемлекеттің сауда айналымы 4,5 млрд
АҚШ долларына жеткен. Бүгінде Өзбекстанда қазақ капиталының қатысуымен мыңдаған
компания сәтті жұмыс жасауда. Ал, бірлесе ашылған кәсіпорындардың саны бойынша
еліміз Өзбекстанның үздік үш әріптес елінің қатарына кірді. Өз кезегінде
көршілес ел Қазақстанға көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін тасымалдаушы негізгі
мемлекеттер. Екі елдің сауда қарым-қатынастарының нығаюына көршілес
орналасуының да пайдасы орасан-зор. Шекаралық байланысты күшейту үшін
Халықаралық өндірістік кооперация орталығы ашылмақ. Ол жаңа өнеркәсіп орындарының
құрылуын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тауарларды ары қарай
экспорттауға логистикалық қызмет көрсетеді.
Акрамжон Неъматов,
Өзбекстан
Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық
және өңіраралық зерттеу институтының директоры:
– Біз қазір тек қана өзара
сауда мен тауар айналымын ғана дамытып қоймай, жаңа деңгейге шығу үстіндеміз.
Біріншіден, ол технологиялық әріптестік. Қосалқы құнын бірлесе белгілейтін
бірлескен кәсіпорындар арқылы бір-біріміздің басымдықтарымызды пайдаланудамыз. Біреуде
шикізат, бізде көкөніс бар дегендей. Мәселен, Қазақстанда шикізат қоры көп.