Қ.Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

Қ.Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

Азия даму банкі 30 жыл ішінде Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға шамамен 7 млрд доллар бағыттады. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты. 

АДБ президентімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз қаржы институтының ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Президент экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды. Масацугу Асакава еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. 

Тараптар құны 300 миллион доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. 

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?