Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға өсті

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға өсті

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 6,5%-ға өсіп, 29 триллион теңгеге жетті. Негізгі өсімді машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі салалары қамтамасыз етеді. Өңдеуші өнеркәсіп елдің ЖІӨ-не 12,4% деңгейінде үлес қосты. Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын белсенді іске асыру жалпы республика бойынша жалғасуда. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда 1,5 триллион теңгенің 190 жобасын іске қосу жоспарланған. 47 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, инвесторларға жағдай жасау және инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар өсуде, біз мемлекет тарапынан да инвестицияларды ұлғайтудамыз, бұл мемлекеттің дәстүрлі түрде қаржы құятын саласы - инженерлік инфрақұрылым құрылысы мен көлік инфрақұрылымы құрылысы. Серпінді инвестициялық жобаларға келетін болсақ, біз өңдеуші секторды инвестициялауға көбірек мүдделіміз, дегенмен тау-металлургиялық кешеніне де басымдық береміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?