Қазақстанда тағы бір жел электр станциясы салынады. Бүгінгі таңда жобасы әзірленген
жаңартылатын энергия көзі нысанының құрылысын келесі жылы Жамбыл өңірінде
жүргізу жоспарланған. Бұл электр станциясының болжамды қуаты 1 Гвт құрайды. Онда
энергия жинақтаудың озық жүйесі орнатылмақ. Ол өндірілген электр қуатының артылғанын
сақтап, оны ең жоғары жүктемемен желіге таратуға мүмкіндік береді. Айта
кетейік, бүгінде еліміздегі «жасыл» энергетиканың үлесі жалпы энергия
теңгерімінің 6% асады. 2030 жылға қарай таза энергетиканың үлесін 15%, ал тағы
20 жылдан кейін 50% дейін жеткізу межеленніп отыр. Республикада қазір барлығы
156 баламалы қуат көзі нысаны жұмыс істейді. Бұл ретте Алматы, Жамбыл және
Ақмола өңірлері көш бастап тұр.

