Сондай-ақ коммерцияландыру және экспортты ілгерілету
саласында отандық әзірлеушілерге қолдау көрсетіледі. Байқау шарттары Ұлттық
кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Осылайша, оған кемінде 4 және 6 адамнан
аспайтын жобалық топтар қатыса алады. Шарт бойынша жоба үш жыл ішінде аяқталып,
сатылымға шығуы тиіс.
Іскер
серіктесті қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ін
құрауы тиіс. Жобаларды қолдану аясы да кең болуы тиіс.
Атап айтқанда, денсаулық
сақтау, білім беру, цифрландыру, геологиялық барлау, энергетикалық кешенді
жаңғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі,
агроөнеркәсіптік кешен, металл өңдеу, туризм және т.б салалар. Үздік
әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі арнайы құрылған ұлттық ғылыми кеңес
таңдайды.