Алматының алма бақтары интеграцияланған биологиялық қорғау әдісімен жүргізіле бастады

Алматының алма бақтары интеграцияланған биологиялық қорғау әдісімен жүргізіле бастады

Қазақстандық ғалымдар танымал Алматының алма бақтарын Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесе интеграцияланған биологиялық қорғау әдісімен жүргізе бастады. Өсімдіктерді ауру мен зиянкестерден қорғау бұрынғыдай пестицидтермен емес, заманауи биопрепараттармен жүзеге асырылады. Қорғау әдістерінің бірі – минералдарды дронмен шашу. Жоба осыдан 2 жыл бұрын іске қосылған. Нәтижесінде ағаштардың иммундық жүйесі күшейе түскен.

Бұл–әдістердің бір түрі ғана. Ал, тәсілдердің жиынтығының ішінде метеостанцияларды қолдану арқылы болжам жасау да бар. Бұл жұмысқа арнайы жылжымалы диагностикалық зертхана тартылады.

 

Жанна Исина, ғалым:

– Ағаштың діңгегіне көктемде біз антогонист саңырауқұлақтарды енгіземіз. Артынша гүл жарар алдында біз белгі беру үшін ферамондық қақпан орнатамыз. Ол бізге дәрі себу жұмысын жүйелі түрде, асыра сілтемей жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жерде біздің үлкен метеостанция тұр. Артынша метеостанция жапырақтардың ылғал деңгейін тексереді. Бұл бақта ауру шықпау үшін жасалады.

 

Арман Жәмиев, шаруа қожалығының басшысы:

-Нәтижесінде, біз мол өнім алдық. Былтыр бір гектардан 20-25 тонна өнім алдық. Сондай-ақ, алмалардың дәмдік қасиеттері де жақсара түсті. Алманың көлемі де былтырғыға қарағанда азаймаса, кеміген жоқ, әрі иммундық жүйесі де жақсара түсті.

 

Өсмдіктерді қорғаудың интеграциялық жүйесі тек сұрыптардан ғана емес, әр өңірлердің ерекшелігіне де тәуелді. Технологияларды орнымен қолдану пестицидтердің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтірілетін залалды азайтуға мүмкіндік береді.