Қазақстан инвесторлармен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты

Қазақстан инвесторлармен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты

Қазақстан инвесторлармен ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміздің жаңа конституциялық моделі халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге берік негіз болып отыр. Премьер-Министр Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында осылай деп мәлімдеді. Олжас Бектенов жақында күшіне енген Ата заңда инвесторлар үшін жағдай одан әрі тұрақты және болжамды бола түскенін атап өтті.  Қазақстан жаңа инвестициялар тарту үшін цифрлық экономикаға басымдық береді. Мәселен, «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы аясында еліміз америкалық компаниямен АІ – инфроқұрылымын дамыту бойынша 10 млрд доллардың келісімін жасасты. Осы бағыттағы бизнес мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы цифрлық штаб жұмыс істейді. Президент Жарлығымен 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялады. Digital Qazaqstan жалпыұлттық Стратегиясы бекітілді, Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» Заң, «Киберқауіпсіздік туралы» Заң қабылданды. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселелерді күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл - саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам. Осылайша, жаңа конституциялық модель мен орнықты реформалар бағыты экономикамызды одан әрі жаңғыртуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз болып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?