Президент Үкімет пен Ұлттық Банкке тапсырма берді

Президент Үкімет пен Ұлттық Банкке тапсырма берді

Жолдауда алыпсатарларды шектеу тапсырылды. Осы бағытта Үкіметке, Ұлттық Банкке, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне батыл шешім қабылдау керек екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нарықтардағы алыпсатарлар ешбір жағдайда біздің резервтерімізді негізсіз «өртеніп» кетуіне себеп болмауы тиіс. Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет», – деді.

Президент Үкімет жанынан құрылған жедел штаб нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін ахуалдық орталық ретінде бір мезгілде жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. «Жүйелі деңгейде елдің дамуын тежейтін шектен тыс бюрократияны жою қажет», – деді Қ. Тоқаев.