Қазақстан мен Индонезия өзара сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуді
көздеп отыр. Бұл туралы Астанада Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 80
жылдығына арналған дипломатиялық-мәдени кеште Елші Мохамад Фаджрул Рахман
мәлімдеді. Жалпы қос елдің арасында
ғылым, энергетика, цифрлық технологиялар, туризм салалары бойынша ынтымақтастық
орнаған. Тараптардың алыс-берісімен қатар барыс-келісі қарқын ала түсті. Осы
орайда Индонезия тарапы қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді
қарастырып отыр. Мәселен, тек былтырдың өзінде Шығыс Азия елінің Бали аралына
25 мың қазақстандық турист барған. Бүгінде Нусантара мен Астана арасында 15
бағыт бойынша ынтымақтастық орнату жоспарланған. АСИАН елі ЕАЭО меммлекеттерімен
еркін сауда айналымына мүдделі. Тиісті келіссөз екі жыл бойы жалғасып, жуырда қос
тарап оң нәтижеге қол жеткізбек.
Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы елшісі:
- Егер Индонезия мен Еуразиялық экономикалық одақ осы
келісімге қол қойса, Қазақстан мен біздің ел арасындағы сауда айналымын 1 млрд
долллардан 1,5 млрд доллар аралығына дейін арттырамыз деген жоспарымыз
бар. Сондай-ақ, біз Индонезия мен
Қазақстан арасындағы энергетика, мұнай, пайдалы қазбалар, және цифрлық технологиялар саласында өзара ынтымақтастық
туралы меморандумдарға қол қоюды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, инвестицияларды
қорғауды қамтитын екіжақты инвестициялық шарт дайындалуда.

