Қазақ-америка
қарым-қатынастарының негізгі тірегі экономикалық ықпалдастық болып табылады. Бұл
туралы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы
Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесуінде айтты. Мемлекет басшысы атап өткендей,
екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланысты және
басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық
және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту
жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін атап өтті. Тараптар сауда,
тау-кен өндіру өнеркәсібі, көлік, логистика, сондай-ақ, «жасыл» энергетика және
экология, салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктерін талқылады.