Қазақстан Президенті Дипломатия институтының директорын қабылдады

Қазақстан Президенті Дипломатия институтының директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады. Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?