Қазақстан Президенті Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады

Қазақстан Президенті Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссарды қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық береді. Бұл ұйым еліміздің маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктесі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеламен кездесуде атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Біз Еуропалық Одақпен қарым-қатынастарымыз бен табысты ынтымақтастығымызға үлкен мән береміз. Бұл басымдықтарымыздың бірі. Сонымен қатар, серіктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды. 

Сонымен қатар, тараптар көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Йозеф Сикела Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті. 

Йозеф Сикела, Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар: 

- Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?