Қасым-Жомарт Тоқаев 4-5 қарашада Францияға мемлекеттік сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 4-5 қарашада Францияға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Францияға барады. Мемлекеттік сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.