ШЫҰ саммиті басталды

ШЫҰ саммиті басталды

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің 24-ші отырысы басталды. Биылғы саммиттің тақырыбы: «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу». Жаһандық өзекті мәселелерді талқылау үшін елордаға 16 елдің мемлекет және үкімет басшылары, бірқатар халықаралық ұйымдар келді. Саммит қорытындысы бойынша түрлі салаларда 20-дан астам құжат қабылдау жоспарланған. 

Бұл, ең алдымен, Астана декларациясы, онда ШЫҰ-ның күн тәртібіндегі халықаралық өңірлік проблемалар мен перспективалық зерттеулер жөніндегі ұстанымы, сондай-ақ «ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы» көрініс табады. 

Сондай-ақ, отырыста бақылаушы мәртебесіне ие Беларусьтің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет ретінде кіруі қаралады.