2029 жылға қарай Қазақстан электр энергиясымен өзін толық қамтамасыз етеді

2029 жылға қарай Қазақстан электр энергиясымен өзін толық қамтамасыз етеді

Қазақстан 2029 жылға қарай электр энергиясына деген өз қажеттілігін толық жабуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін республикада жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын 68 жоба іске асырылмақ. Биылдың өзінде 621 МВт астам қуатты пайдалануға беру жоспарланған. Дені жаңартылатын энергия көздерінің 9 нысанының үлесіне тимек. Жасыл энергетика саласында алдағы жылы тағы 8, 2027 жылы 13 және 2028 жылы 3 нысанды іске қосу межеленіп отыр. Бұндай тың деректер Үкімет отырысында келтірді. Елдің Энергетика министрлігінің басшысы салада жасанды интеллектті қолдану мәселесі пысықталып жатқанын алға тартты. Осы орайда Астана хаб технопаркімен АІ-шешімдерді бірлесіп әзірлеу және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Екеуі қазірдің өзінің тиімділігін дәлелдеген. Премьер-министр осыған қатысты бірқатар тапсырма берді. Олардың бірі - жыл соңына дейін еліміздегі отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесін іске қосуға бағытталған.


Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Аталған жүйе онлайн-мониторинг арқылы энергетикалық нысандар жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрландыру – энергия тиімділігін арттырып қана қоймайды, ол бүкіл саланың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін негізгі құрал. Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктері 2026 жылдың соңына дейін салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосып, отын-энергетика кешенінде инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторының жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жүйе энергетика саласының барлық субъектілерін киберқауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?