Digital Bridge: Стартаптар аллеясында 100-ден астам жоба ұсынылды

Digital Bridge: Стартаптар аллеясында 100-ден астам жоба ұсынылды

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» форумының стартаптар алееясында 100 ден астам инновациялық жобалар ұсынылды. Бұл шара өнертапқыштар үшін өзін жарнамалау үшін ғана емес, инвесторлар табуға да керемет мүмкіндік. Мұнда түрлі бағыттағы сандық үлгідегі озық шешімдермен танысуға болады.  Оның ішінде, медицина, агрокешен мен өзге электрлі саудаға бағытталған бастамалар бар. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өмірін жақсарта түсетін жоғары технологиялардың көптігі ерекше көзге түсті. Мәселен, ақылды әрі жеңіл самокатты халықаралық Астана Хаб технопаркінің мүшелері жасап шығарды. Ол қозғалысты қауіпсіз ететін есептегіш басқарумен жабдықталған.

Иван Кононов, Astana HUB президенті:
-
Оның өзінің миы бар деуге болады. Соның арқасында, адам оның үстіне тұрған кезде және итерілгенде, бірден түсініп өзі де шешім қабылдайды. Ал егер тоқтасаңыз, оның қозғалтқышы өшеді. Біз бұл форумда инвесторлар да, серіктестер де іздеп жүрміз. Алғашқы өндірісті бастау үшін шамамен, 50 мың доллар қажет.

Жоғары технологиялардың дамуы тікелей болашаққа әсер ететіні жасырын емес. Бұны отандық әуе-ғарыш компаниялары да назарға алды. Солардың біреуі сандық технологиялар арқылы жердің 3Д форматындағы суретін де алып, оны картаға түсіреді. Бұндай жоғары сапалы суреттер жерді зерттеуге және ондағы болашақ құрылысты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Баглан Казиев, Аэроғарыш компаниясының бас директоры:
-
Бүкіл өнімдеріміз жаңа. Себебі, біз толықтырулар жиі енгіземіз. Біз ұшаққа бекітетін қондырғы ойлап таптық. Соның арқасында ұшақтан, яғни, әуеден сурет жасай аламыз. Одан кейін оларды біздің геопорталда пайдаланып, артынша ақпаратты желіге жүктейміз. Біздің басты мақсатымыз – қалаларды толықтай цифрландыру, оның көшірмесін жасау. Біздің осы салада жұмыс істеп жатқанымызға 5 жыл болды.