Бұл елордада өткен екіжақты бизнес-форумның қорытындысы. Атап айтсақ, тараптар Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін металдарды бірге барлау, өндіру және қайта өңдеуге уағдаласты. Жобаның құны шамамен 200 млн долларға бағаланып отыр. Сонымен қатар, қазақстандық және германиялық кәсіпорындар елімізде көпфункционалды инновациялық индустриялық парк салу, машина жасау қондырғылары мен ауыл шаруашылығы техникасын шығару, тасымалдау және көлік-логистикасы, тоқыма өнеркәсібі мен балық шаруашылығы, «жасыл энергетика» саласында әріптестік аясын кеңейтуге мүдделі. Айта кетейік, Маңғыстау облысында «жасыл сутегі» өндіретін зауыт құрылысының аясында сынамалық бұрғылау жұмыстары іске қосылды. Қазақстанның Даму Банкі де неміс әріптестерімен ынтымақтастық орнатты. Жақында серіктестік аясында отандық және неміс қаржы институттары елімізде экспорттық кредиттік агенттіктердің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды бастайды.