Президент Еуразиялық Даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент Еуразиялық Даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына былтыр шамамен 1,5 миллиард доллар қаржы салды. Инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы ұйымының басқарма төрағасы Николай Подгузов айтты. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды. Банк энергетикалық нысандарды жаңғырту, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр. Президент қаржы ұйымының Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?