Қазақстан Президенті Бас прокурорды қабылдады

Қазақстан Президенті Бас прокурорды қабылдады

Еліміздің экономикасына 12 трлн теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, бір жылдың ішінде инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 700 астам шешіміне келісім берілмеді. Бұл жөнінде Қазақстан Президентіне республиканың Бас прокуроры баяндады. Жалпы Берік Асыловтың сөзінше, инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында «прокурорлық сүзгіні» пайдалану өз тиімділігін көрсеткен. Мемлекет басшысына цифрлы инвестициялық тұғырнаманың белсенді қызмет атқарып келетіні жөнінде де жеткізілді. Платформа Жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік береді. Бас прокурор 80 мыңнан астам кәсіпкер мен 979 мың халықтың құқықтары қорғалғанын атап өтті. Мемлекетке 627 млрд теңгеден асатын өтемақы қайтарылды. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?