Қазақстанда жалпы сомасы 330 млрд
теңгені құрайтын екі ірі инвестициялық жоба мақұлданды. Екеуі де агроөнеркәсіп
кешенінде іске асырылады және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді
дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, импортты алмастыруға және
қосылған құны жоғары өнім түрлерін көбейтуге бағытталған. Инвестштабтың кезекті
отырысында түрік компанияларымен жасалған келісім шарттар мақұлданды. Қаражат
астықты терең өңдеу кешенінің құрылысы, тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін
агрохимиялық кешен салуға бағытталады. Бірінші жоба бойынша 250 мың тонна
өңделген бидай мен 80 мың тонна бұршақ өндіру жоспарланған. Екінші жобаның да
өндіріс қуаттылығы – жылына 150 мың тонна. Үкіметте Қазақстанда астық
дайындаудың жыл сайынғы көлемі 16-17 млн тонна деңгейінде екені айтылды. Оның
үштен бір бөлігі экспортқа кетеді, ал қалған бөлігі ішкі қайта өңдеуді дамытуға
және агросектордың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

