Қазақстан Ислам даму банкімен жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады

Қазақстан Ислам даму банкімен жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады

Қазақстандағы ауқымды су реформасы жалғасуда. Оның аясында жаңа су қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту жоспарланған. Жалпы 11 нысан қамтылады. Ал, 151 ирригациялық каналда қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізіледі. Жобаларды Ислам даму банкі қаржыландырады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов халықаралық қаржы ұйымының президенті Мухаммад Сулейман Әл-Джассермен ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізді. Ислам Даму Банкінің басшысы бұл бастамалардың табысты іске асырылатынына сенім білдіріп, Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобалары банкпен серіктес өзге де елдер үшін үлгі екенін өтті.


Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан біздің Министрлік және Ислам даму банкі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында Мемлекет басшысы мен Үкімет алдымызға қойып отырған міндеттерді орындап, жоспарлы жұмыстың өте үлкен көлемі атқарылатынына сенімдіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?