Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Сенат Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы келісімді мақұлдады. Оның аясында Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жел және күн электр станцияларын салу қарастырылған. Салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі 2,2 млрд долларды құрайды. Оларды 2027-2029 жылдары аяқтау жоспарланған. Бұл жобарарды іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, «жасыл» технологияларды ендіруге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал ететін болады.

Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жобалардың жалпы қуаты 1,8 гигаватты құрайды. Мұндай көлемдегі қуат еліміздің энергия теңгеріміндегі «жасыл» электр энергиясының үлесін арттырып қана қоймай, бірқатар өңірлердің инфрақұрылымдық дамуына серпін береді. бұл бастамалар Қазақстанның 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі міндеттеріне және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?