Халықаралық валюта қоры еліміздің экономикалық өсімін жоғары бағалап
отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас
Бектеновтың қордың Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Ларешпен
кездесуі барысында белгілі болды. Оның айтуынша, еліміздің экономикалық даму қарқыны
тиімді реформалармен байланысты. Ол өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, көлік
және құрылыс салаларының өсуін атап өтті. Сондай-ақ, оның сөзінше, Қазақстанда
инфляция қарқынының біртіндеп бәсеңдеуі және салықтық әкімшілендірудің
жетілдірілуі байқалады. Амина Лареш қабылданып жатқан шаралар Қазақстан
экономикасының даму қарқынының тұрақтылығын сақтауға ықпал ететінін атап өтті.

