Хорватияның Мемлекеттік күні

Хорватияның Мемлекеттік күні

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті мен халқын Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Хорватия бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап айтты. Сондай-ақ, Астана мен Загреб арасындағы ынтымақтастық аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанына баса  мән бере отырып,  түрлі саладағы байланыстардың нығая түсеріне сенім білдірді.  Мемлекет басшысы Хорватия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.