Астанада ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Астанада ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы 34-ші сессиясын өткізуге дайындалуда. Кезекті жиын аталған бірегей құрылымның 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мерейлі датаға орай жыл бойы ел аумағында 400-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылмақ. Астанада ұйым кеңесінің отырысында депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері өткенді саралап, болашаққа бағыт-бағдар құрды. Бірлігі жарасқан Қазақстан халқының ынтымағын арттыруда жастар да белсенді үлес қосып келеді. «Жастар Ассамблеясының» төрағасы Тимур Жұмырбаевтің айтуынша, жастар қанатының қатысушылары жергілікті тіпті халықаралық деңгейдегі жобаларға бастамашы болып жүр. Дені ұлттарды ұйыстыру қамында қолға алынған. 

Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы:

- Қазір біз студенттермен және оқушылармен жұмыс істеуге ден қойдық. Мәселен, бүгінде еліміздегі түрлі оқу орындарында студенттік ассамблеялар құрылуда. Бұл алаңдарда жастарға өздерінің тың ойларын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Белсенділер ортақ жобаларға жұмылдырылады. Жастар Ассамблеясы ұйымының жоспары ауқымды. Әр өңірде түрлі санаттағы жастарды қамтитын мыңға тарта іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?