Қазақстанда роботтың көмегімен күрделі оталар жасалады

Қазақстанда роботтың көмегімен күрделі оталар жасалады

Қазақстанда робот-хирургтің көмегімен миға ота жасалады. Қарағанды  көпсалалы ауруханасында еліміздегі алғашқы нейрохирургиялық кешеннің жаңа буыны – Remebot RM-200 роботы пайда болды. Бұл медициналық деректерді талдауға және операция кезінде дәрігерлерге көмектесуге қабілетті интеллектуалды жүйе. Жасанды интеллект құрылғысы нақты дәлдікті және тіндерге минималды әсер етуді қамтамасыз етеді. Яғни, бас миының ауыр патологиясы бар науқастарды құтқару үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл технологиянның көмегімен жылына 300 астам жоғары технологиялық нейрохирургиялық операция жасау көзделіп отыр. Қарағандылық хирургтер заманауи құрылғының тілін меңгеру үшін Қытайда тағылымдамадан өтті. Аспан асты елінде отандық мамандар жүйені тәжірибе жүзінде игеріп, бірқатар сынақ операциясын жасады.

Еркін–Дәуір Құрманғалиев, Х.Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы ауруханасының директоры:

- Ол операциялық араласу уақытын біршама азайтуға өз септігін тигізеді. Сәйкесінше, науқастың сауығу уақыты әлдеқайда жеңіл өтіп, олардың ауруханада жату мерзімі қысқарады. Бұл роботтың берілген нүктеге жетудің дәлдігі миллиметрден аз. Ол Паркинсон ауруы, эпилепсия, ми ісігі бар науқастарға операция жасауға, сондай-ақ стереотаксикалық араласу мен талдау жүргізуге және гематомаларды жоюды сәтті орындауға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?