Францияда «Ұлы дала жауһарлары» атты көрме өтеді

Франция тұрғындары мен қонақтары  Қазақстанның сан ғасырлық тарихы  және бай мәдениетімен таныса алады. Париждегі Гиме - Азия өнерінің Ұлттық музейінде Ұлы дала қазыналарының көрмесі ашылады. Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған. Онда Тобыл ойшылы, Ботай мәдениеті,  Алтын Адам, Тас мүсін, Әмір Темірдің қола шамдары және басқа да жәдігерлері қойылады. Ол б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, көрме экспонаттары Қазақстанның Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан алынған. «Ұлы дала жауһарлары» көрмесі 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады.

 

Құмар Жүнісов, Ұлттық музей халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы:

- Көрменің тағы бір ерекшелігі бұл оның иммерсивті контентпен толықтырылуы болып табылады. Яғни бұл француз жұртшылығына тек қана артефактілерімізді апарып қана көрсету емес, сонымен қатар арнайы жоғары сапада түсірілген бейне контент арқылы, содан кейін оның арнайы музыкалық сүйемелдеуімен жусанның иісін шығару арқылы біз келушілерді осы қазақ халқының тарихының әрбір кезеңіне бойлауға, тереңдеуге және сол кезеңінің контекстіне енуге мүмкіндік береміз.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?