Қазақ ою-өрнегінің алуан түрлілігін жинап, зерттеп, сақтау. Елімізде мамандандырылған жоба іске қосылды. Оны Қолөнершілер одағы ұйымдастырып отыр. Шеберлер жыл бойы аймақтарды аралап, Қазақстанның музейлерінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қолөнершілердің шеберханаларына барады. Осылайша, олар барлық материалдарды бір топқа жинақтап, қолданбалы өнердің онлайн деректер базасын құруды мақсат етіп отыр. Ол дәстүрлі дизайн және ұлттық техникалар туралы деректермен үнемі жаңартылып отырады.
Сондай-ақ дерекқорға ою-өрнектердің мағынасы, олардың шығу тарихы, пайдалану ережелері, әртүрлі бұйымдарда қолданылуы, рұқсат етілген түстерді үйлестіру сияқты сияқты бірегей ақпараттар енгізіледі.