Қазақстандық оқушылар қазақ күйлерінің цифрлық жинағын әзірледі

Қазақстандық оқушылар қазақ күйлерінің цифрлық жинағын әзірледі

Қазақ күйлері енді сандық үлгіде қолжетімді. Тараздық оқушылар ұлттық саз өнерінің бірегей туындыларын жинақтап «Сарын веб хостингі» жобасын жасады. Яғни, қазаққтың күйлерін заманауи, оңай үйренуге болатын форматқа айналдырған. Бұл ұлттық өнерім ізді цифрлық кеңістікке шығарып, дәстүр мен технологияны бір арнаға тоғыстырған ерекше бастама. Әзірлеушілер бірегей сандық жинақ мәдени мұраны сақтауға және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғанын алға тартып отыр.

Інкәр Оразақынова, «Жас ғалымдар» клубының мүшесі:

- Бұл жобаны жасаудағы мақсатым – қазіргі жастарды осы күй, ән мен тарихымызды білу үшін олардың қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл ғылыми жобам жалпы күй үйренушілерге және күй мен домбыраға деген қызығушылығы бар оқушыларға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?