Қазақстандық танымал «Менің атым – Қожа» фильмінің жалғасы шығады

Қазақстандық танымал «Менің атым – Қожа» фильмінің жалғасы шығады

Балалық шақтың сүйікті кейіпкері Қожа көгілдір экранға қайта оралмақ. Бірақ, жаңа форматта. Қазақстандық жазушы Бердікбек Соқпақпаев пен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы шығады. Ең қызығы – басты кейіпкер сол баяғы 60 жыл бұрынғы Қожадан айнымайды.


Кейіпкеріміздің шын есімі - Айқын. Ең бірінші болып Қожаға ұқсайтынын ағасы аңғарыпты. Видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Енді міне, өзі де Қожаның рөлін сомдап шықты.


Айқын Елубай, Актер:


- Баяғы заманның мықты киносы ғой енді. Образын сала алмаймын деп ойлағам. Кастингтен өттік. Ол киноға түсу үшін мен төрт жарым ай дайындалдым. Актерскийге бардым.


Фильм авторлары бұрынғы кинода толық ашылмаған тұстары бар екенін айтады. Жалғасын түсірудегі басты мақсаттардың бірі сол идеяларды көрсету әрі жаңа буынды мәдениет арқылы білім-ғылым жолына шақыру дейді.


Садық Шерімбек, Шығармашылық топтың жетекшісі:


- Қожаның жаңғырған үнінің жалғасы болуы керек деп білдік. Соның аясында жаңа Қожаны біз түсіріп шықтық. Еркін, сол бірінші фильмде айтылмаған, кеңірек талқыланбаған мәселелерді мына заманның призмасына әкеліп, сол Қожаны беруге барынша тырыстық.

Жаңа фильмде Қожаның сәл есейген шағы. Бірінші нұсқада 4-5-сыныптағы кезең баяндалса, бүгінгі фильмде 8-9 сыныптағы Қожаны көреміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?