Көкшетауда орыс драма театрларының халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға елімізден бөлек, көрші Ресей мен Қырғызстаннан бас-аяғы 13 театр ұжымы келді. Олар Көкше жерінде 5 күн бойы сынға түседі. Ал байқауға әлемге аты әйгілі театр сыншылары мен театртанушылар төрелік етеді. Биылғы өнер сайысының ерекшелігі осы жылы алғаш рет зертханалық бағытта өтуінде. Яғни сахнадағы спектакльді бағалаудан бөлек, қазылар оларға тәлім береді. «Шараның мақсаты да тәжірибе алмасу», – дейді ұйымдастырушылар.
Бейбіт Бахтыгереев, ұйымдастыру алқасының мүшесі:
- Пандемияға байланысты фестивальге қатысуға ниет білдірген көптеген театр келе алмай қалды. Көрермендер де көптеп келгісі келеді. Бірақ карантин болғандықтан, олардың бәрін бірдей қабылдай алмаймыз. Мұның бәрі 1,5 жылдық үзілістен пайда болған сағынышты білдіреді.