Қазақстандық фильм Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Алтын арыстан» халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. «Шатырдағы екеу» картинасы үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті. Фильмнің режиссері Гүлшат Смағұлова үшін лента дебют болды. Еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың желтоқсан айында кинокартина Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты. Айта кетейік, «Шатырдағы екеу» фильмінде ерекше жандар – Дамир мен жасөспірім Костяның – арасындағы достық суреттеледі.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

