Француз фильмдері алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі

Отандық көрермендер дубляждалған шетелдік ленталарды елімізде өтетін Француз киносы апталығы аяқталғаннан кейін тамашалай алады. Францияның Қазақстандағы елшілігі дәстүрлі шара биыл қазан айына жоспарланғанын хабарлады. Еске сала кетейік, жақында қос елдің Ұлттық кинематографияны қолдау орталықтары Канндағы халықаралық кинофестиваль аясында ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойды. Тараптар өзара киноөнімдерін тарату және бірлескен кино өндірісті қолға алу жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ, француз тарапы Қазақстан фильмдеріне қолдау көрсетуге әзір. Бесінші республиканың Ұлттық кинематография және анимация орталығы сарапшылары Қазақстанға жұмыс сапарын ұйымдастыруды жоспарлауда.