Қасым-Жомарт
Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады. Кездесу барысында
Қазақстан мен көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президенттің
пікірінше, біздің елімізде Euronews өңірлік хабының ашылуы дүниежүзінің
түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның
экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Оған қоса, медиа
алаң аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы
арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізеді. Сондай-ақ Euronews республикада қазақстандық
журналистерді заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарға оқыту
академиясын ашуды жоспарлап отыр.
Әсел Күшенғалиева

