Астанада Францияны азат етуге қатысқан қазақстандық партизандардың ұрпақтарына наградалар табыс етілді. Ордендерді батырлардың отбасыларына француз елшісі Сильван Гиоге тапсырды. Марапатталғандар қатарында қазақстандық партизандар Ахмет Бектаев, Бектемір Байжанов, Нұранбай Баймұратов, Ахмет Субалов, Өтеулі Бисенғалиевтің туыстары бар. Айта кетейік, алғаш рет мұндай рәсім былтыр өткен болатын. Онда қаза тапқан үш майдангер марапатталған еді. Бастама Қазақстан тарапына тиесілі: Әскери-тарихи мұражай зерттеу жүргізіп, еуропадағы күресте шайқасқан отандастарымыз туралы көрме ұйымдастырды. Дипломатиялық миссия өкілдері, соның ішінде Франция елшісімен тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Болат Бисенғалиев, Партизан Өтеулі Бисенғалиевтің ұлы /Орал қ./:
- Франция үкіметі мен елшілігі әкемнің ерлігін ұлықтап жатыр. Мен оған құрмет көрсетіп жатқан жандарға
алғысым шексіз. Бұл медаль менің балаларым, немерелерім үшін қажет, олар
аталарының әскери адам болғанын біліп, ол сияқты өжет болып өсулері тиіс.
Аталарын үлгі тұтып, өнеге еткендері дұрыс. Негізі қазақ халқының рухы биік,
жауынгер екені баршаға мәлім.
Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Бүгін біз Франция Қорғаныс министрінің атынан майдангерлердің ұрпақтарына медальдар
мен сертификаттарды табыс еттік. Бұл Францияның қазақ партизандарына шынайы ризашылығының,
зор құрметінің белгісі әрі нақты көрінісі. Біз осы тарихи маңызы жоғары бірегей
жұмысты алдағы жылдарда да жалғастырып, жыл сайын тиісті сертификаттар мен
наградалардың иелерін анықтау үшін Қорғаныс министрлігімен екіжақты диалогымызды
жемісті жалғасыта береміз деп үміттенеміз.

